Ақпарат
"ОҢТҮСТІК" АЭА туралы
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы өңірді қарқынды дамыту, республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, жоғары тиімді, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің заманауи әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығымен құрылды.
«Оңтүстік» АЭА қызметінің басым түрлеріне жеңіл өнеркәсіп, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау жатады.
«Оңтүстік» АЭА резиденттері өз қызметін жеңілдіктер мен преференциялар беретін айрықша құқықтық режим аясында жүзеге асырады. Бұл жеңілдіктер мынадай түрде ұсынылады: қосылған құн салығын (ҚҚС), мүлік және жер салығын төлеуден, сондай-ақ шикізат, материалдар мен жиынтықтауыштарды әкелу кезінде импортқа салынатын ҚҚС пен кедендік баждардан босату.


